Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ЖӘНЕ «EXPO-2017: БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ» ӨТКІЗІЛУІНЕ АРНАЛҒАН «ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ

3.06.2017

2017 жылғы 02 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен келешегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты заңнамаларды жетілдіру бағыттарын жан-жақты талқылау, сонымен бірге ғылыми нәтижелер бойынша, зерттеушілік және халықаралық тәжірибе алмасу болатын.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ЖОО-ның магистранттары, аспиранттары, жас ғалымдары, мамандары және оқытушылары қатысты. Конференция жұмысының барысында тартымды пікір алмасу болды.

Барлығы 159 баяндама қамтылды, іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер аясындағы ғылыми жобалар, озық зерттелімдер және құқық саласындағы басты нәтижелер көрсетілген мемлекеттік, орыс және ағылшын тіліндегі таныстыруларымен баяндамалар ұсынылған пленарлық мәжіліс ұйымдастырылды.

Пленарлық мәжіліс барысында он бір спикер сөйледі. Олардың қатарында Ресей Федерациясы ОМУ-дің мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының доценті, п.ғ.к. Е.И.Максименко, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының  қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, (PhD) философия докторы полиция майоры А.С. Смышляев, Шымкент қаласы, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы оқу бөлімінің бастығы, з.ғ.к. полиция подполковнигі Т.Ж. Қаратаев, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің заң пәндері кафедрасының доценті, з.ғ.к. А.Қ. Кұрманова,  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Экономика және құқық институтының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы С.С. Ескибаева және т.б. болды.

Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетінің өкілі, мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының доценті, п.ғ.к. Елена Ивановна Максименко конференцияның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын, сонымен бірге, ТМД елдерінің ЖОО арасындағы серіктестіктің алдағы уақытта табысты дамуына қадам жасауда мұндай іс-шаралардың маңызды себепкер болатындығын атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен 2 томдық конференция материалдарының жинағы тапсырылды.

 РБЖ тобының инспекторы

полиция аға лейтенанты

Ш.Ө. Смағұлова