2.05.2017
2017 жылғы 2 мамырда 103-оқу тобында психология в деятельности сотрудников ОВД пәнінен «Біз 20 жылдан кейін…» эгидасымен ашық сабақ өткізілді. Семинар сабағының тақырыбы – «Психолого-педагогические методы и приемы в деятельности сотрудников ОВД».
Семинар сабағының мақсаты – курсанттардың ІІО профилактикалық есепте тұрған әртүрлі азаматтардың ерекшеліктерін есепке алып, ІІО қызметкерінің қызметіндегі психологиялық-педагогикалық әдістері мен тәсілдері жөнінде білімдерді игеру. Сабақ курсанттардың психологиялық-педагогикалық кәсіби маңыздылығы мен іскерлігін дамытуға, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге ұмтылуға, таңдаған мамандықтарын сыйлауға қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігі мен борышын сезінуге, әртүрлі құқық бұзушылық жасағандарға тәрбиелік сезім қарым-қатынасымен құқық қорғау қызметінде қызмет жасау талабын дамытуға бағытталған. Сабақ пресс-конференция түрінде өтті, онда курсанттар құқық қорғау органдарының басқарушылары рөлінде сөз сөйледі. Әрбір курсантқа қызметіне сәйкес шен берілді, сонымен қатар, олардың халық арасындағы профилактикалық қызмет бойынша актуалды сұрақтарға өз атағына сай қызметкер болып жауап берді. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылды: ІІО профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық зерттеудің негізгі бағыттары; ІІО қызметкерлерінің қолданатын психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері; сендіру және көндіру әсерінің психологиялық-педагогикалық негізгі әдістері.
Сабақтың сонында курсанттар белсенді қатысқан үшін алғысхатпен марапатталды.
Өткізілген іс-шара курсанттардың болашақ кәсіби қызметінде азаматтармен жұмыс істеу барысында қолданылатын психологиялық ерекшеліктерін танымға,ІІО қызметкерінің қызметіндегі психологиялық-педагогикалық әдістер мен тәсілдерін иеленуге үлкен қызығушылығын тудырды.
ЖББ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры Жукаева Ж.А.