Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

25.10.2024

Оқу ордамызда институт басшылығы мен ардагерлерінің, жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Институт бастығы полиция полковнигі Н. Мұхаметқалиев және Халықаралық қазақ тілі қоғамының төрағасы Р. Рахиев елдігімізді айшықтайтын, ұлттық рухымызды көтеретін мерекенің маңызы зор екендігіне тоқталып, құттықтау лебіздерін білдірді. Қызметкерлердің назарына Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Сәденовтің құттықтау хаты жеткізілді.

Жиын барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, институттың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірқатар қызметкерлерге “М. Бөкенбаевқа 100 жыл” естелік төсбелгісі, арнаулы атақтар мен грамоталар берілді. Сондай-ақ оқу ордасында қызмет еткен Е. Церковна мен Ж. Құдайбергенованы құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өткізілді. Мерекелік шара кезінде курсанттар мен “Жас сақшы” кадет сыныбының оқушылары патриоттық әндер шырқап, концерттік бағдарламаға ұласты.