Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік

5.06.2025

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы, философия ғылымдарының PhD докторы Ч.К. Утегенов Ақтөбе қаласындағы Баишев Университетінің студенттерімен «Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіп, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Бұл шара құқықтық сананы арттыруға және білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.