25.08.2025



Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл!
Осы айтулы мерейтой аясында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Р.Н. Джигитова тыңдаушыларға арналған таныстырылымдық дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында ҚР Конституциясының тарихи қалыптасу кезеңдері, негізгі қағидаттары мен құқықтық мемлекет құрудағы орны кеңінен талқыланды. Тыңдаушылар еліміздің Ата Заңы туралы терең мағлұмат алып, заңның қоғамдағы маңызына терең үңілді.
Бұл дәріс тыңдаушылардың құқықтық санасын арттыруға, патриоттық тәрбие беруге және конституциялық құндылықтарға құрметпен қарауға бағытталды.







