23.05.2025



Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізу шеңберінде 2025 жылғы 23 мамырда Жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі А.К.Ибраева Ақтөбе қ. С. Баишев атындағы университеттің 4-курс студенттерімен және оқытушыларымен «Құқықтық мәдениет – заң мен тәртіптің кепілі» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде елімізде заң мен тәртіп идеологиясын қалыптастырудағы қазіргі жастардың құқықтық мәдениеті: өзекті жай-күйі және оны арттыру жолдары туралы айтылды.







