22.12.2022


Ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі (ҒЗжРБЖҰБ) Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе институтының Институттың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Институттың ғылыми-зерттеу қызметі жоғары кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ғылым және жоғары білім минисрлігінің бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Институттың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру;
- ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша Институттың құқық қорғау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
- профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың бірлескен ғылыми зерттеулерге, ғылыми еңбектерді, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруға қатысуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарын, Институттың күнтізбелік жылға арналған Ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарын қалыптастыру;
- ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру, дайындау және өткізу;
- профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
- ғылыми конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін делегациялармен алмасуды ұйымдастыру;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үрдісіне және практикалық қызметке енгізуді есепке алу;
- Институттың профессорлық-оқытушылар құрамы жұмысының нәтижелерін, жарияланған жұмыстар мен өткізілген конференцияларды есепке алу;
- білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;
- Институт басылымдарының жыл сайынғы Тақырыптық жоспарының орындалуын дайындау, бекіту және бақылауды қамтамасыз ету;
- бөлімде іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.
Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің құрамы:
- бөлім бастығы – заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі Сагынтаева Асель Амангельдиевна;
- ғылыми қызметкер – құқықтану мамандығы бойынша магистр полиция подполковнигі, Алимпиев Алексей Александрович;
- редактор – Нұрмағанбетова Манет Сағынғалиқызы;
- корректор – Аманбаева Айгүл Анатолийқызы.
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі туралы қосымша ақпаратты келесі мекенжайдан алуға болады: Ақтөбе қаласы, Курсанттар тас жолы, 1. Әкімшілік ғимарат, 4-қабат, жұм.тел. 8-7132-98-80-37 ( ішкі. 141,120). Эл. пошта: ooniirir2021@mail.ru







