Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кадр саясаты бөлімі

1.11.2023

Кадр саясаты бөлімінің жұмысы оқу орнының бос лауазымдарын кәсіби кадрлар мен уақтылы және сапалы түрде алмастыру, ішкі тәртіпті қамтамасыз ету, қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.

Кадр саясаты бөлімі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік және кадр саясатын іске асыратын институттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Кадр саясаты бөлімін бөлім бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Курманова Айгуль Еркиновна басқарады. Кадр қызметінде жеке құрамды жасақтау, іріктеу және орналастыру, оқу орны қызметкерлерінің қабілеттерін толық және ұтымды пайдалануда үлкен жауапкершілік жатыр. Кадр саясаты бөлімі қызметкерлердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  олардың бастамашыл және шығармашылық қызметі үшін жағдай жасайды. Осы бағыттағы жұмыстармен кадр саясаты бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Енсепова Индира Абдикариповна, полиция аға лейтенанты Тілеу Жансерік Маратұлы, полиция аға лейтенанты Копбай Жанмурат, инспектор-психолог полиция аға лейтенанты Таңатарова Інжу Бахытқызы, инспектор Бисембина Гульбаршин айналысады.

Қазақстан Республикасы ІІМ-ніңнормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес институттың профессорлық-оқытушылық және басшықұрамының қызметтік және жауынгерлік даярлығы бойынша теориялық және практикалық сабақтар жоспарланады және өткізіледі. Жұмыстың осы бағытына  кәсіби қызметтік және денешынықтыру дайындығы жөніндегі аға инспектор полиция майоры Жакслыков Нурбол Аргинович жауапты.

Тактикалық-арнайы командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізу барысында жеке құрамның азаматтық қорғаныс міндеттерін орындауға және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға жедел-техникалық дайындық деңгейімен практикалық дағдылары жетілдіріледі.

Бөлімнің негізгі міндеттері :

– мемлекеттік кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесінде бірыңғай кадр саясатын жүзеге асыру; ішкі істер органдары қызметтері мен бөлімшелерінің кадрларымен жұмыс жағдайын зерделеу және талдау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін жинақтау және тарату;

– ұйымдастырушылық және типтік құрылымдардың саны мен дамуын есептеуге мүмкіндік беретін қызметкерлердің оңтайлы нормативтік жүктемелерін, институт құрылымын жетілдіру бойынша шараларды қызметтермен және кафедралармен бірлесіп әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

– ішкіістероргандарынақызметкеүміткерлердііріктеудің, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруінің тәртібі мен шарттарына қойылатын бірыңғай талаптарды орындау, олардың іске асырылуына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

– институт кадрларын жинақтау, іріктеу және орналастыру, қызметте кадрларды бекіту бойынша шараларды жүзеге асыру; жоғарылатуға резерв қалыптастыру, оны мен жоспарлы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу ;

– білім деңгейі бойынша ішкі істер органдары кадрларының сапалық құрамын жақсарту;

– кадрларды кәсіби даярлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру, тәлімгерлік мүмкіндіктерін және жеке құраммен жұмыс істеудің басқа да нысандарын пайдалану арқылы институт қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру;

– Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарындағы білім беру саласында мемлекеттік саясат талаптарын орындау;

– кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін құру, дамыту және оны пайдалануды ұйымдастыру,  деректер мен статистикалық есептілік базасын қалыптастыру;

– кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету;

– ішкі істер органдары мен олардың бөлімшелерінде кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу және сүйемелдеу.


Бөлімнің негізгі міндеттері

Ардагерлер кеңесі