Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімі

22.12.2022

Бөлімнің функциялары

Бөлім өз құзыреті шегінде және белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзіге асырады:

1) тәрбие жұмысының озық (жаңа) нысандары мен әдістерін іздеуді, зерделеуді, жинақтауды және таратуды қамтамасыз етеді және жүзеге асырады, ішкі істер органдарының қызметтік іс-әрекетін тәрбиелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер өткізеді;

2) институттағы кадрларды іріктеу, орналастыру, оқыту мен тәрбиелеу, оларды қызметке орналастыру жөніндегі жұмыстың жай – күйін ұйымдастырады және шараларды жүзеге асырады, басқарушылық шешімдер қабылдау және қызметтің одан арғы бағыттарын айқындау үшін институт басшылығына ұсыныстар енгізеді;

3) институт қатардағы және басшы құрамдағы адамдарында жоғары моральдық және іскерлік қасиеттер мен қызметтік борышын орындауға саналы қарауды тәрбиелеу жөніндегі шараларды жүзеге асырады; қызметкерлерді патриоттық және интернационалдық тұрғыда тәрбиелеу, қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады: ішкі істер органдарындағы айтулы даталар мен оқиғаларға байланысты  қоғамдық мәнді іс-шаралар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

4) институт жеке құрамын әлеуметтік-құқықтық оқытуды, қызметкерлер арасында жеке тәрбие жұмысын, тәлімгерлік жұмысты ұйымдастырады;

5) институт қызметтері және кафедралар мен бірлесіп жеке құрамға байланысты әлеуметтік-құқықтық мәселелерді шешу жөнінде шаралар қабылдайды;

6) жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйін талдайды, тәртіп бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды, институт қызметтері және кафедралар мен бірлесіп, тәртіп пен заңдылықты нығайтуға бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасы ИжИЖД нұсқауларын орындайды;

8) ұжымдарда салауатты моральдық – психологиялық климатты сақтауға, мәдени бос уақытты ұйымдастыруға олардың назарын күшейту үшін қоғамдық құрылымдардың жұмысын ұйымдастырады;

9) мәдениет мекемелерімен, шығармашылық одақтармен, діни конфессиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қызметкерлердің мәдени және рухани деңгейін арттыру, ішкі істер органдарының беделі мен абыройының өсуі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

10) институтта Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің тәрбие саясаты саласындағы шешімдерін іске асырады, олардың орындалуын бақылайды, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етеді; тәрбие жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық басшылықты жүзеге асырады;

11) институттың іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысады;

12) Институт бастығы номенклатурасы бойынша жеке құрам бойынша тиісті бұйрықтардың жобаларын дайындайды;

13) институттың жеке құрамын көтермелеу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

14) институтта ведомстволық білім беру саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады;

15) қызметтермен бірлесіп институттың жеке құрамының тәрбие деңгейінің жай-күйін талдайды;

16) идеологиялық және имидждік жұмыстың сапасын арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, оқу орындарымен байланыс жасайды;

17) ішкі істер органдарының қызметін тәрбиелеу саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге қатысады;

18) идеологиялық жұмысты жетілдіру, институттың жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастырады және өткізеді;

19) институт қызметкерлерін марапаттау және мадақтау материалдарын ресімдейді, жеке құрам бойынша тиісті бұйрықтардың жобаларын дайындайды, оларды өз құзыреті шегінде шығарады;

20) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ИжИЖД-ға есептер мен жедел мәліметтерді ұсынады;

21) ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған жеке құраммен профилактикалық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді, тәртіп пен заңдылықты бұзудың алдын алу бойынша шараларды әзірлейді;

22) институт қызметтерімен және кафедраларымен бірлесіп жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйін тексеруді жүзеге асырады, тәртіп пен заңдылықтың бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды.

Бөлімнің міндеттері:

1) институт жеке құрамын Отанына шексіз адал болу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да заңнамалық актілерді, заңдылық пен тәртіпті, қоғамның заңды мүдделері мен азаматтардың құқықтарын қатаң сақтау, ант, жарғылар мен бастықтар бұйрықтарының талаптарын дәл орындау рухында тәрбиелеуді ұйымдастыру;

2) институт қызметкерлерінің бойында жоғары кәсіби, азаматтық және моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру жөніндегі саясатты жүргізу, жалпы мәдениет деңгейін, қызметтік борышын орындауға саналы көзқарасын, патриотизмді және интернационализмді арттыру;

3) институт жеке құрамын адамгершілік – эстетикалық тәрбиелеу, қызметкерлердің мәдени бос уақытын ұйымдастыру; 4) институт жеке құрамының әлеуметтік – құқықтық кепілдіктерін іске асыруға көмектесуді және оған бақылау жасауды ұйымдастыру,

қызметкерлердің, ардагерлер мен олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін, құқықтарын, ар- намысын қорғауды қамтамасыз ету;

5) заңдылықты және қызметтік-әскери тәртіпті нығайту, институттың жеке құрамы арасында олардың өрескел бұзушылықтарын жою;

6) институт құрылымын жетілдіру бойынша шаралар әзірлеуге және іске асыруға; институт  қызметтер мен кафедралардың санды есептеу мен ұйымдастырушылық және үлгі құрылымдарды әзірлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қызметкерлерге оңтайлы нормативтік жүктемелерді әзірлеуге қатысу;

7) кадрларды кәсіби даярлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру, тәлімгерлік мүмкіндіктерін және жеке құраммен жұмыс істеудің басқа да нысандарын пайдалану арқылы институт қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру;

8) Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын ұйымдастырушылық-практикалық қамтамасыз ету;

9) кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету;

10) ішкі істер органдары мен оның бөліністерінде кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін еңгізу және сүйемелдеу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  институт бастығы бөлімге  жүктеген өзге де міндеттерді орындау;

12) азаматтар мен қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

13) институт қызметкерлерінің арасында тәртіп пен заңдылықтың сақталуын тиісті түрде қамтамасыз ету бойынша жан-жақты шаралар қабылдау;

14) ішкі істер органдарының қызметі туралы оң және қоғамдық пікірді қалыптастыру және қолдау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олардың беделі мен беделін арттыру.

Алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларының ата-аналары оқу ордасында болып, институт базасымен танысты

 

Күзет басқармасы қызметкерлеріне экскурсия өткізілді


 

«Ауған ақиқаты» атты жауынгер интернационалистермен кездесу кеші

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген салтанатты жиын

Халықаралық әйелдер күніне орай институт қызметкерлері арасында «Үлгілі келін-2023» байқауы

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы

Оқушыларға ашы есік күні өткізілді

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай АКДК тыңдаушылары арасында өткізілген «Бірлігіміз жарасқан» байқауы

7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шара

«Ұлы Жеңіске — мәңгі тағзым» патриоттық кеш 

Алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларының арасында саптық ән байқауыұйымдастырылды

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Тастанбек Разақовтың тыңдаушылармен кездесуі

Әкем, анам және мен – салауатты отбасымыз!” отбасылық эстафета сайысы

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні институт қызметкерлері мен тыңдаушылары Түйетөбе ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті

«Полиция бізді қорғайды!», «Мен полицей боламын!» тақырыптарына шығарма жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттау сәті

Жергілікті мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Мен — мемлекеттік қызметшімін!» облыстық тілдік іс-шарасы

23 маусым Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын

25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты шара

Ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесінің құрылу құрметіне орай салтанатты жиын өтті

Музей

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын музейі – оқу орнымыздың мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани – идеологиялық тәрбие беру орны. Бұл музей – ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады. Музей – білім ордамыздың бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және мәдениетінің басты көрсеткіші.             Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2005 жылы музейі құрылды, 2021 жылдың мамыр айында институттың 25 жылдығына орай музей жалпы ауданы 82,9 шаршы метрді құрайтын жаңа үй-жайға көшіріліп, толықтырылып ашылу салтанаты өткізілді. Музей өз қызметінде ішкі істер органдары тарихын, әр ұрпақ өкілінің қызметтегі және саптық өмір жылындағы келелі істерін, полицейлік қызметтік үлгілі дәстүрлерін насихаттайды. Музейдің негізгі қызметі: ІІО қызметкерлері мен тыңдаушыларын ерлікке тәрбиелеу, олардың жан дүниесіндегі патриоттық сананың жоғары болуын қадағалау, құқық қорғау органдарының іс-әрекетін нақты түрде тәлімдеу болып табылады.             Музейде оқу орнының құрылу тарихына, қылмыспен күресуде ерлік және батылдық көрсеткен қызметкерлер, түлектердің қызметте, спортта, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және құқығын қорғауда жеткен жетістіктері туралы экспозицияларға ерекше көңіл бөлінген.             Музейде әрдайым біздің оқу орнында қызмет атқарған ішкі істер органдары ардагерлерімен кездесу өткізіліп, онда олар тыңдаушыларға өздерінің қызметтік өмір жолдарының қызғылықты, қилы  сәттері туралы айтып отырады. Осы орайда атап өтерлік жайт, ҚР ішкі істер министрлерінің институтқа келуімен, сондай-ақ ауған-жауынгерлеріне, өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ІІО қызметкерлеріне, соның ішінде Ғ.Байтасовқа арналған, Ақтөбе өңірінен шыққан Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова және Кеңес Одағының Батыры, Ішкі істер органдарының ардагері М. Бөкенбаевқа арналған стендтер бар.   Институтқа келген қонақтарға және студенттерге, мектеп оқушыларына міндетті түрде институт мұражайы көрсетіліп, оларға біздің оқу орнының құрылуы мен дамуы туралы баяндалады.   Сондай-ақ, оқу курсы басталарда тыңдаушыларға оқу орнымен танысуды мұражайдан бастай отыра, олардың таңдаған мамандығына адал болуына, Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту мақсатында ІІО ардагерлері мен аға әріптестерін мысалға келтіре жүріп, әңгіме өткізіледі.