Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Дене шынықтыру кафедрасы

22.12.2022

Кафедра бастығы

Динара Арғынқызы Дүйсембаева

з.ғ.магистрі, әмбебап жекпе-жегінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан ҚР спорт шебері,

полиция подполковнигі

Кафедра доценті

Айбек Қабашұлы Қосмұратов

п.ғ.магистрі, белбеу күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер,

полиция капитаны

Кафедра аға оқытушысы

Жарас Қаирбайұлы Қаирбаев

пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының спорт шебері,

самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер,

полиция майоры

Кафедра аға оқытушысы

Нұрлан Асхатұлы Таласбаев

әмбебап жекпе-жегінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер,

полиция капитаны

Оқытушы

Акшолаков Галимжан Жумашевич Бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі ұлттық төрешісі, Қазақстан Республикасының ІІО зейнеткері

Кафедра функциялары

         Дене шынықтыру кафедрасы (бұдан әрі – кафедра) білім алушыларға оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәрбие жұмысын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының (бұдан әрі – Институт) оқу құрылымдық бөлінісі болып табылады.

         Кафедра өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Жоғары кәсіби білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы қызметінің типтік ережелерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Институт бастығының жарлықтары мен бұйрықтарын, Ғылыми кеңес шешімдерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.

         Кафедраның негізгі міндеттері: «Дене дайындығы» бойынша алғашқы кәсіби даярлық курсы және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес мамандарды практикалық дайындау.

Кафедраның құқықтары мен міндеттері

Кафедра өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындау барысында келесіге құқылы:

  1. Институтының оқу, ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік және басқа да жұмыстарын қамтитын перспективтік және жылдық жоспарына ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізуге:

2) кафедра отырыстарында кафедраның барлық қызмет түрлері бойынша талқылау, талдау және шешім қабылдауға, кафедра отырыстарында қабылданған шешімдер кафедра қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті болып табылады;

3) Институт басшыларының тапсырмаларынан туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Кафедраның міндеттері

1) Институт басшыларының нұсқауларын, Ғылыми кеңестің, Институт бастығының қатысуымен өткізілетін жедел мәжілістің, Оқу-әдістемелік кеңестің, кафедра отырыстарының шешімдерін нақты және уақытылы орындау;

2) оқу және тәрбие жұмыстарының барлық түрлерін сапалы өткізуге;

3) ғылыми-зерттеу жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету және нәтижелерді оқу процесіне және ішкі істер органдарының практикалық қызметіне енгізу;

4) заңнамаларда қарастырылған басқа да міндеттерді орындау. 

Жетістіктер

Дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары институттың барлық спорттық іс-шараларына жауапты: шаңғы жарысы,президенттік көпсайыс,турнирлер,спартакиада және т.б

Жыл сайын кафедра қызметкерлері жарыстармен семинар-әңгімелер ұйымдастырады, оларга атақты спортшылар, олимпиадалық спортшылар, құқық қорғау органдарының өкілдері мен зейнеткерлері шақырылады.

Институттың спорт комндалары «Динамо» облыстық кеңесінің спартакиадаларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметтік-қолданбалы спорт түрлерінен жыл бойы өткізілетін спартакиадаларына белсене қатысып жүлделі орындарды иеленіп, тапсырмаларды орындайды. 1-разрядты нормативтер, спорт шеберіне үміткерлер, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Курсанттар мен студенттер «Динамо» ФСО, дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы өткізетін барлық спорттық іс-шараларға белсене қатысады.

Қазіргі уақытта кафедрада спорт зал жылуы бар резеңкемен жабылған, күрес залы, жекпе-жек залы, футбол алаңы мен жүгіру жолы бар спорт алаң, волейбол және баскетбол, кедергілерден өту алаңы.

01.02.2024 ж.

Кәсіби бағдар беру және мамандыққа бағыттау бойынша шалғай ауылдағы балаларға түсінік жұмыстары жүргізілді

Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Дене шынықтыру кафедрасының доценті, полиция майоры А.Қ.Қосмұратов Ақтөбе облысы Ыргыз ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді, олардың барысында оқушыларға Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына түсу шарттары, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегі жеткізілді, осы тақырып бойынша бейнеролик таныстырылды.

Кездесулер барысында оқушылар белсенді қатысып, өздеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.

Кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлер үшін WhatsApp-қа топтың сілтемесі жіберілді.

          Әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысқан Дене шынықтыру кафедрасынын бастығы полиция подполковнигі Дуйсембаева Динара Арғыновна 1 орынға ие болды. (1-сурет)

1-сурет

Грузия мемлекетінде өткен, әмбебап жекпе-жектен Әлем Чемпионатында белсенді күресіп, қола медалға ие болған, Дене шынықтыру кафедрасының бастығы полиция подполковнигі – Динара Арғынқызы Дүйсембаева. (2-сурет)

2-сурет

Халықаралық спорт күніне орай мереке қарсаңына спортты жастарға кеңінен насихаттау мақсатында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында білімін жетілдіріп жүрген алғашқы кәсіби даярлық курсынын тындаушыларына каратэден КСРО, Еуропа және Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттығушысы Әшім Қалимен кездесу ұйымдастырылып, спорт саласының ардагеріне құрмет көрсетілді. (3-сурет)

3-сурет

Әмбебап жекпе жегінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жауынгерлік самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Муратулы Айболатпен кездесу ұйымдастырылды. Ол әуесқойлар арасында Әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасында Әлем чемпионы, Азия чемпионы, 7 дүркін әмбебап жекпе-жегінен ҚР чемпионы. (4,5-суреттер)

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына қазақ күресшісі, ММА бойынша спорт щебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт щебері,  панкратионнан халықарлық дәрежедегі спорт шебері, жеңіл салмақтағы М-1 Global чемпионы, қазіргі UFC жоғары лигасының жауынгері Сергей Николаевич Морозов келді. (6,7-суреттер)

2023 жылғы 9-10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы АЗИ спорт залында «16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және Қазақстан полициясының 30 жылдығына» орай, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан Рустем Кенжалин мен Мейрамбек Рахматтулаевты еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары арасында волейболдан турнир өтті. (суреттер – 8,9,10)

2023 жылдың 02-03 мамыр Қазақстан полициясы күніне орай, полиция қызметкерлерінің беделі мен абыройын көтеру, полиция қызметіне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында Институтта ерлер арасында әмбебап жекпе-жектен ашық турнир ұйымдастырылды. (суреттер- 11,12,13)

 2023 жылдың 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында оқу ордамызда ұжымының моральдық ахуалын жақсартып, ауызбіршілігін нығайту мақсатында институт қызметкерлерінің жанұялары арасында «Әкем, анам және мен – салауатты отбасымыз!» отбасылық, эстафета сайысы өткізілді (суреттер-14,15,16)

2023 жылдың 20 тамыз күні Қазақстандағы «Спорт күнін» мерекелеу қарсаңында, дене шынықтыру кафедрасымен спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жаппай жүгіру және велошеру жарыстары өткізілді (суреттер- 17,18,19,20)

Сурет-20

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Ақтөбе заң институты мен Ақтөбе облысы сот ұжымы командасымен волейболдан жолдастық кездесу өтті (суреттер-21,22)

2023 жылдың 3-5 қазан күндері «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды (суреттер-27,28,29,30)

Ғылымда

Кафедра бастығы Дүйсембаева Динара Арғынқызы 20-дан астам ғылыми мақалалары және 1 оқу-тәжірибелік құралының авторы.

Кафедры доценті Қосмұратов Айбек Кабашұлы 20-дан астам ғылыми мақлалары және 3 оқу-тәжірибелік құралының авторы.

Кафедра аға оқытушысы Қаирбаев Жарас Қаирбайұлы 20-дан астам ғылыми мақлалары және 2 оқу-тәжірибелік құралының авторы.

Кафедра аға оқытушысы Таласбаев Нұрлан Асхатұлы 20-дан астам ғылыми мақалалары және 1 оқу-тәжірибелік құралының авторы.

Кафедра оқытушысы Ақшолақов Галимжан Жумашевич 5 ғылыми мақаласының авторы.

Кафедра перспективасы

Кафедраның басым міндеттері болашақ ІІО қызметкерлердің дене дайындығын одан әрі жетілдіру, оқытушылардың педагогикалық шеберлігі мен ғылыми біліктілігін арттыру, қажет болған жағдайда өз білімін қолдана отырып, кез келген төтенше жағдайда дайын жоғары білікті мамандарды дайындау, халықты қорғауға арналған дағдыларды үйрету болып табылады.

Байланыс

Тел: 8 (7132) 98-80-37 (144)

8-777-505-35-35