Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы

22.12.2022

Кафедра бастығы

Мергалиев Асыланбек Асылбекович

заң ғылымдарының магистрі,

полиция подполковнигі

Кафедра доценті

Туребеков Ерболат Есенович

заң ғылымдарының магистрі,

полиция подполковнигі

Кафедра аға оқытушысы

Кушкимбаев Абай Абатович

ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі,

полиция подполковнигі

Кафедра аға оқытушысы

Ибраймов Болатбек Куаналыұлы

полиция майоры

Кафедра оқытушысы

Алимжанов Акулан Тулешович

ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі

полиция майоры

Кафедра оқытушысы

Сейтимова Анар Сериковна

педагогика ғылымдарының магистрі,

Жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері. Дзюдо, самбо күресінен Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, самбодан Әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы полиция майоры

Кафедра оқытушысы

Балмуханов Ерболат Камелович

полиция майоры

Кафедра кабинет(тир) бастығы

Асқар Амангелді Асқарұлы

полиция лейтенанты

АРНАЙЫ-ТАКТИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы институт құрылымының ұйымдастырушылық-штаттық өзгеруіне сәйкес, «Әскери және дене шынықтыру даярлығы» кафедрасын бөлу негізінде құрылды.

Кафедраны педагогикалық және практикалық тәжірибесі мол полиция подполковнигі А.А. Мергалиевтың жетекшілігімен құрылып, қалыптасып, әрі қарай дамуына қолайлы жағдай жасады.

Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы әскери пәндер бағытындағы келесі пәндер бойынша оқытады: «Атыс даярлығы» және «Полиция кәсіби даярлаудың негіздері».

Кафедраның негізгі ерекшеліктерінің бірі – оқу процесінің тәжірибеге бағдарлануы, яғни ІІО органдарының Арнайы және мобилизациялық басқармасымен, жылдам қимылдайтын арнайы жасағымен (ЖҚАЖ), Оқу-жаттығу ротасымен (ОЖР) тәжірибелік қызметтерімен өзара тығыз байланысты болып табылады, өйткені теория мен тәжірибенің өзара тығыз байланысы қылмысқа қарсы белсенді іс-қимылдың көптеген өзекті мәселелерінің жемісті әзірленуінде көрініс табады.

Кафедраның басты міндеттері – тәжірибелік бөлімдермен екі жақты байланысты орнату, оқу процесін техникалық жабдықталуын одан әрі жетілдіру; оқытушылардың педагогикалық шеберлігі мен ғылыми біліктілігін арттыру, жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Бүгінгі күні кафедрада 8 жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді: кафедра бастығы – заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі   А.А.Мергалиев, кафедраның доценті – заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі Е.Е. Туребеков, кафедраның аға оқытушысы – ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, полиция подполковнигі А.А. Кушкимбаев, кафедраның аға оқытушысы – полиция майоры Б.К Ибраймов, кафедраның оқытушысы, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистр, полиция майоры       А.Т Алимжанов., кафедра оқытушысы,    педагогика ғылымдарының магистрі, полиция майоры А.С Сейтимова, кафедра оқытушысы – полиция майоры      Е.К Балмуханов, кабинет (тир) бастығы – полиция лейтенанты А.А. Асқар.

Мамандарды даярлау сапасын жақсарту міндетін табысты шешу мақсатында, кафедра ұжымы оқытудың дәстүрлі түрлерін үнемі жетілдіру, оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін іздеу мәселесін алға қояды. 
            Кафедрада оқу сабақтарын өткізуде оқытудың техникалық құралдары үнемі қолданылады. Тәжірибелік оқу сабақтары оқу-әдістемелік кабинеттерде, Ақтөбе қаласының №6655 әскери бөліміне қарасты атыс полигонында, институттың атыс тирінде, саптық алаңда және т.б. орындарда өткізіледі. 
Патриоттық тәрбиені жандандыру мақсатында, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы тұрақты және ауыспалы құрам арасында Макаров тапаншасымен және Калашников автоматынан атудан, толық емес бөлшектеу және жинаудан, патриоттық әндерді орындаудан үнемі жарыстарды ұйымдастырып, өткізіп тұрады.
            Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кадрларды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеттерінде сабақтар өткізіледі. 

Институттың ғылыми-зерттеу жұмысы жоспарына сәйкес, жыл сайын кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен дөңгелек үстел ұйымдастырып, оған  Ақтөбе облысы Полиция департаменті Жедел қимылдайтын арнайы жасағы қызметкерлерін (ЖҚАЖ) шақырылып, өткізіледі.

2023 жылы институттың арнайы-тактикалық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен ҒЗЖ бекітілген жоспарына сәйкес, «Ішкі істер органдарында заманауи құралдарды қолдану әдістемесін жетілдіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ЖҚАЖ қызметкерлері қатыстырылды.

Институттың арнайы-тактикалық кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы, жыл сайын өз мамандығы бойынша біліктілік деңгейін арттырып отырады.

2023 жылы ҒЗЖ жоспарына сай, кафедрада арнайы-тактикалық даярлық бағыты бойынша ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп, оның нәтижесінде «Техническая характеристика специальных средств ОВД и их классификация на современном этапе», «Тактико-специальная подготовка деятельности органов внуртренних дел в период подготовки и массовых мероприятий (спортивных, культурно- массовых и др.)» және «ІІО арнайы құралдарының техникалық сипаттамасы және оның заманауи жіктелуі» – атты тақырыпта оқу тәжірибелік құралдары әзірленді.

Институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен Ақтөбе қаласында орналасқан №63, №41 мектеп-лицейлерінде 7-10 кадет сыныптарына сап даярлығынан сабақтар өткізеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы – оқу орнымыздың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, ол оқу процесін оңтайландырудың, білім алушылардың алған білімдерін құқық қорғау тәжірибесінде шығармашылықпен пайдалана алатын жоғары білікті заңгерлерді даярлау сапасын арттырудың тиімді құралы болып табылады. Тындаушылардің зерттеушілік дағдыларын дамыту заңгер мамандығының беделін қалыптастыруға ықпал етеді, сонымен қатар заң ғылымының өзекті мәселелерін шешуге шығармашылық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының әртүрлі нысандары қолданылады, олардың ішінде «Мерген» ғылыми үйірмесінің жетекшісі, кафедра оқытушысы полиция майоры А.Т. Алимжанов институт тындаушылары үшін пәндік, үйірмелер, конференциялар, ғылыми жобалар жүргізеді.

Кафедра қызметкерлері институтта және институттан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға, эстафеталарға белсене қатысады, сонымен қатар профессорлық-оқытушылар құрамы арасында қазіргі уақыттағы белсенді спортшы, жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері полиция майоры А.С Сейтимованы айтуға болады.

Кафедраның оқытатын пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастырумен өткізу үшін кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-педагогикалық және тәжірибелері жеткілікті деңгейде. Кафедра ұжымы оқу-тәрбие үдерістерінің жоғары дәрежесіне қол жеткізу үшін, тыңдаушылардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін дамытуға өз үлестерін қосуда.

19.03.2024 ж.

9-мм Макаров тапаншасынан ату жарысы

Ұлы Отан соғысының батыры М.Бөкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай және «Наурыз мейрамы» қарсаңында, институт басшылығының қолдауымен институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен 2024 жылдың 19 наурыз күні тұрақты құрам арасында     9-мм Макаров тапаншасынан ату жарысы ұйымдастырылып, өткізілді.

Жарысқа қатысушылар сапқа тұрғызылып, жеребе тартылып, реттік сандары анықталды және жарыстың ережесімен, қару мен оқ-дәрілерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Аталған жарыста институт қызметкерлері мергендіктерін көрсетіп, үздіктер анықталып, марапатталды. Атап айтсақ, ерлер арасында: 1-орынға институттың көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.А.Длимов ие болса, 2-орынға институттың кезекші бөлімінің бастығы полиция майоры Ш.Т. Ельтаев және 3-орынға институттың біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы полиция подполковнигі Е.Е. Қайнар ие болды.

Сонымен қатар әйелдер арасында: 1-орынға институттың оқытудың ақпараттық техникалық құралдары бөлімінің технигі полиция сержанты З.И.Шуманова ие болса, 2-орынға институттың оқу-әдістемелік орталығы бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.С. Галиуллина және 3-орынға институттың кәсіби даярлық факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Ш.Т. Жайлаубаева ие болды.

Жарыс естелікке суретке түсумен салтанатты түрде аяқталды.

16.03.2024 ж.

Қызметтік даярлық сабақ кестесіне сай дәріс сабағы

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамына қызметтік даярлық сабақ кестесіне сәйкес, 2024 жылдың 15 наурыз күні институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.А. Кушкимбаев «Атыс даярлығы» бойынша «9-мм Макаров тапаншасының құрлысы, қолдану мақсаты және тактикалық-техникалық сипаттамасы» тақырыбында дәріс сабағын өткізіп, слайд көрсетілді.

05.03.2024 ж.

5,45-мм Калашников автоматынан оқу-жаттығу тәжірибелік атыс сабағы

Атыс дайындығының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерін дайындауда қару-жарақтарды қолдану дағдыларын дамытуға, сақтауға және жетілдіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының көмекшісі полиция полковнигі М.Б.Алғожаевтың жетекшілігімен, институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен және оқу-саптық бөлінісімен       2024 жылдың 5 наурыз күні Ақтөбе қаласы №6655 әскери бөлімінің полигонында 5,45-мм Калашников автоматынан оқу-жаттығу тәжірибелік атыс шығу сабағы жүргізілді.

Атыс алдында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларынан сынақтар қабылданып, қару мен оқ-дәрімен қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

26.02.2024 ж.

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай институттың арнайы тактикалық даярлық кафедрасы мен идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен Ауған майданында от кешкен ардагерлермен кездесу өтті.

Биылғы 35 жылдық маңызды күнге арналған іс-шараға облыстық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы мәслихат депутаты М. А. Қойлыбаев Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Н.Балкасынов, Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің орынбасары А.Б.Жұмабеков, Ауған даласындағы майданда от кешіп институтымыздың дамуына өз еңбектерін сіңірген Ж. Ш. Мәмбетжанов, С. Жиеналин қатысып, жалпы Ауған соғысына аттанған қазақ жауынгерлерінің ресми деректерінің, оның ішіндегі Ақтөбе облысынан әскери қатарға алынған сарбаздар туралы, тарихта өзіндік орны бар оқиғаны баяндап өтіп, Ұлы даланың айбынды ұландарын халқымызға аянбай қалтқысыз қызмет етуге шақырды. Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Н.Балкасынов институт қорына “Екі ғасырдың батарлары” атты кітабын тарту етті.

Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына нық сенген, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың құрметіне зұлмат соғыстың естеліктері туралы бейнероликтер, көрініс көрсетіліп, осы тақырыптағы әндер шырқалды.
Шара соңында институт бастығының атынан қонақтарымыз алғыс хатпен марапатталды.

03.02.024 ж.

АТД кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына дәріс, семинар  және тәжірибелік сабақтары өткізілгендігі туралы

Бекітілген оқу сабақ кестесіне сәйкес, 2024 жылдың 1-2 ақпан күндері институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына (ЖПБ, Көліктегі ПД кезекші бөлімінің жедел кезекшілері, аға инспектор-кезекшілері және инспектор-кезекшілері) «Қызмет өткеру кезінде қарумен, оқ-дәрілермен және арнайы құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында дәріс, семинар және тәжірибелік сабақтары өткізіліп, түсіндіріліп, пысықталды. Сонымен қатар, 9-мм Макаров тапаншасынан бақылау атысы ұйымдастырылып, өткізілді.

01.02.024 ж.

«Құраш» күресінен ерлер-әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

2024 жылғы 25-28 қаңтарында Астана қаласында «Құраш» күресінен ерлер-әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, 16 салмақ дәрежесі бойынша мықты палуандар бақ сынасты.

Жарыстың алғашқы күнінде +87 келі салмақта институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция майоры Сейтимова Анар Серікқызы екінші орынды женіп алды.

Осылайша, Анар Қазақстан құрама командасына еніп, биылғы жылы өтетін Әлем, Азия чемпионатына және көшпенділер ойындарына қатысуға жолдама алды.

Сейтимова Анар Серікқызы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң коледжін 2007-2009 жылдары оқып аяқтап, әрі қарай Ақтөбе облысы полиция департаментінде түрлі қызметер атқарды. Қызмет барысында ол өзін жауапты және саналы қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсете білді. Ол институт ұжымында да лайықты беделімен құрметке ие.

15.01.2024 ж.

      Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында кәсіптік бағдар беру жұмыстары.

Ағымдағы жылдың 8-14 қаңтар аралығында институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының бастығы полиция подполковнигі А.А.Мергалиев, кафедра оқытушысы полиция майоры А.С.Сейтимова, Солтүстік Қазақстан облысы Ақмола және Қостанай областарында  полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жалпы білім беретін қала, облыс мектептерінің 10,11 сыныптарымен және колледж түлектеріне 700 адамды құрайтын кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында институт оқытушылары мектеп, колледж  түлектеріне, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу ережелерімен, материалдық базамен және полиция бөлімінде қызмет етудің артықшылықтарымен таныстырды.           

Кездесу соңында түлектерге бейнероликтер көрсетіп, кітапшалар таратылды.