Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Балалар суреттері конкурсының қорытындысы

6.04.2020

2020 жылғы 16 наурызда қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы «Балалар көзімен полиция мамандығы» атты балалар суреті байқауын жариялады. Байқау Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының және М. Дулатов атындағы № 63 мектеп-лицейінің кадет сыныбы арасында қашықтан өтті. Байқауға барлығы 21 сурет, яғни, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясынан 11 жұмыс, ал М. Дулатов №63 мектеп-лицейінен 10 жұмыс ұсынылды. Барлық қатысушылар байқауға жауапкершілік және шығармашылық танытып, өзіндік талантын көрсете білді. Осыған орай,полиция мамандығына деген адалдығы мен құрметін көрсеткені үшін ұйымдастырушылар байқаудың барлық қатысушыларын алты бірдей номинацияда марапаттау туралы шешім қабылдады. Сонымен, байқау ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

1. «Үздік жұмыс» номинациясында: Абдикадиров Жалғас , Сугір Дидар, Аманғазы Нұртілек,

2. «Креативтілік және орындау шеберлігі» номинациясында: Мұхаматова Сабина, Рат Бақытбек, Курмангалиева Балнур,

3. «Бояу жарқындығы және көркем мәнерлік» номинациясында: Боранбекова Еркеназ, Исламгалеев Мухамедгали, Мейрматова Инкар.

4. «Мән мен орындау шеберлігі» номинациясында: Кулымказ Диас, Боранбай Шахназ, Маратова Дильназ, Амандыков Қанат.

5. «Шығармашылық көзқарас» номинациясында:
Сейтқазы Ырыскельді, Адай Фариза, Байжан Дидар, Рахметжан Олжас.

6. «Байқауға қатысқаны үшін»:
Ерболат Жанель, Болат Махаббат, Болат Мөлдір, Султанов Исламбек.

 Байқау қорытындысы бойынша жоғарыда аталған номинациялардың барлық қатысушылары институт бастығының грамотасымен, сондай-ақ, тәтті сыйлықтармен марапатталады. Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғанын ескере отырып, грамоталар мен жүлделерді тапсыру рәсімі кейінгі мерзімге ауыстырылады. Барлық балаларға қатысқандары үшін Алғыс білдіреміз және алдағы уақытта жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!