6.04.2020
ҚҰРМЕТТІ КУРСАНТТАР!
Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік құқығы», «Криминалистика» пәндері бойынша «Үздік мультимедиялық презентация» байқауын жариялайды.
Әрбір курсант бір пәннің бір ғана тақырыбы бойынша презентация дайындайды. Презентацияларға қойылатын талаптар:
1) презентация көлемі-10 слайдтан артық емес (бет);
2) иллюстрациялардың (суреттер, схемалар, кестелер және т. б.), анимациялық әсерлердің болуы және т. б.
3) жобаны таныстыру және қорғау регламенті – 10 минуттан аспайды.
Конкурс шарттары:
1) Конкурс қашықтықтан өткізіледі;
2) WhatsApp нөміріне жіберіңіз: 87784603527;
3) презентация келіп түсуіне қарай ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-ның ресми Instagram aui_mvd_rk_04 парақшасында жарияланады;
4) конкурс жеңімпаздары ҚҚ,ҚПжК кафедрасы оқытушыларының шешімімен, сондай-ақ,жазылушылардың дауыстарын есептеу жолымен анықталады.;
5) Конкурс қорытындысы 2020 жылдың 24 сәуірінде анықталады.








