9.04.2019
2019 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында институт басшылығы мен ауыспалы құрамы «Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы» ММ басшысы Ж.М. Тобылғановпен кездесті. Кездесу барысында жастарға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Арынгазиевадан «Өзгеге өмір сыйла» акциясына қолдау көрсеткені және қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.
Курс бастығының орынбасары
полиция майоры
Р.К. Рақышев













