Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Өз бетінше білім алуы мен біліктілігін арттырудың үздіксіз процесі

4.11.2020

Қазіргі жағдайда ішкі істер органдарының жеке құрамына қойылатын талаптар үнемі артып келеді, осыған байланысты білім беру процесінің жоғары сапасын қамтамасыз ету өте маңызды.Мұндай міндеттің ажырамас бөлігі – заманауи технологияларды ескере отырып, педагогтердің өз бетінше білім алуы мен біліктілігін арттырудың үздіксіз процесі.

Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының күш-жігері осындай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, атап айтқанда:

-2020 жылдың 7-18 қыркүйек аралығында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «АЙАТ» республикалық ғылыми-әдістемелік қолдау орталығында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында Қашықтықтан оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары мен әдістері» тақырыбында қашықтықтан оқытудан өтті;

-2020 жылдың 22 қазанында «Тактикалық-арнайы дайындық» пәнін оқыту сапасын арттыру мақсатында полиция подполковнигі Е.А. Церковнова мен полиция майоры Д.С. Мұқанова «Қызыл Жарты Ай» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалында «Шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету» тақырыбында оқыту курсынан өтті.

ҚҚҚПжК кафедра бастығы

полиция полковнигі                               

Н.Т. Саханова