«Өз құқықтарың мен міндеттеріңді біл» атты семинар-тренинг
30.11.2021
2021 жылдың 26 қарашасында Кәсіби- психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушысы полиция майоры C.А.Мендыбаева Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектебінің ұстаздары мен ата-аналарын құқықтық сауаттандыру мақсатында заңды бұзбайтын азаматты қалыптастыруға бағытталған «Өз құқықтарың мен міндеттеріңді біл» атты семинар-тренинг өткізді. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін білуі, балаларға құқықтық тәрбие беру ісіне белсенділік танытуы, баланың құқықтары мен міндеттері туралы білімді насихаттау, айналасындағы адамдардың құқықтарын құрметтеуге, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ынталандыра отырып, ең маңызды әлеуметтік проблемалары бойынша пікір алмасу болды.