Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелдің өткізілуі туралы

26.02.2019

   2015 жылғы 25 ақпанда Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 30 жылдығын тойлау шеңберінде әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының және ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел өткізілді, іс-шараға Ресей ІІМ Волгоград академиясының, Ресей ІІМ Орал заң институтының, Ресей ІІМ Барнауыл заң институтының, Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы ҚМ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының өкілдері, локалді соғыстардың қатысушылары қатысты. Сонымен қатар, Ресей ІІМ Уфа заң институты, Ресей ІІМ Воронеж институты, Ресей ІІМ Нижегород академиясы, Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институты, Қырғызстан Республикасы ІІМ Академиясы онлайн байланыс жүйесінде қатысты. Патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандыру мақсатында біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары — Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясының әскери қызметшілері және институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
     Институт қонақтары халықаралық дөңгелек үстел шеңберінде басшылықпен және ІІО-ның ардагерлерімен бірге халықаралық қарым-қатынас залы мен конференц-залды салтанатты жағдайда ашты.
     Іс-шараны модератор — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Қайрлықызы Каримбаева ашты.
     Кіріспе сөз Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі Айдар Мұтәлікұлы Сайтбековке және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулеймановаға берілді.
     Іс-шара соңында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
     Халықаралық дөңгелек үстел жұмысын Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова «Біздің жүрегіміз жауынгерлерді жоғалтудан өшпес қайғы-қасіретке толса, Ауғанстандағы әскери борышын абыроймен орындағандар үшін мақтанышқа толады» деп қорытындылады.
     Халықаралық дөңгелек үстел пікірталас пен сындарлы диалог түрінде, достықта және жанданған атмосферада өтті. Іс-шара сертификаттар тапсырумен және естелік суретке түсумен аяқталды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі                                                        
А.Каримбаева