29.10.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты басшылығының қолдауымен, арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен ауыспалы құрамға патриоттық рухта құқықтық тәрбие беру, әскери-патриоттық әндерді дәріптеу мақсатында институтта «Әскери-патриоттық әндер» байқауы өткізіліп, үздіктер анықталды.
Атап айтсақ: 1-орынға институттың арнайы бастапқы оқыту курсының 9 оқу тобы тыңдаушысы Р.Нургалиев ие болса, 2-орынға кәсіби даярлық факультетінің 4 курс 405 оқу тобы курсанты А.Ковалева және 3-орынға арнайы бастапқы оқыту курсының 12 оқу тобы тыңдаушысы С.Кадргалиева ие болды. Сонымен қатар «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясы бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының 16 оқу тобы тыңдаушысы Д.Пірімқұлов және «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша кәсіби даярлық факультетінің 4 курс 402 оқу тобының курсанты А.Алимгали және арнайы бастапқы оқыту курсының 11 оқу тобы тыңдаушысы Н.Утешов марапатталды.













