Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Әкімшілік полиция қызметкерлерінің бастапқы кәсіби даярлығын жетілдіру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел

28.11.2021

Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының ұйымдастыруымен «Әкімшілік полиция қызметкерлерінің бастапқы кәсіби даярлығын жетілдіру» тақырыбында 2021 жылғы 26 қарашасында онлайн форматта халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Ішкі істер органдарын модернизациялаудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасында полиция қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ішкі істер органдарына түсетін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлығы мәселелерін  жетілдіру болып табылады.
Дөңгелек үстелге РФ ІІМ Барнауыл заң институты, РФ ІІМ Сібір заң институты, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы өкілдері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары философия докторы (PhD), полиция майоры Е.Қ.Балымов, ҒЗЖжРББ бөлімінің бастығы, құқық магистрі полиция подполковнигі М.Д.Тулешев, Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының профессоры, полиция подполковнигі А.С.Махмутов,  жалпы заң пәндері кафедрасының доценті құқық магистрі, полиция подполковнигі З.З.Нұрыш., жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.С.Маханова., жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі полиция майоры А.С.Абилова., ІІО басқару және кәсіби-психологиялық даярлық кафедрасының аға оқытушысы философия ғылымдарының магистрі полиция майоры А.Жарасхан және ІІО басқару және кәсіби-психологиялық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.Мендыбаева қатысты.