Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»

8.12.2020

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы және «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру аясында (2020-2021 жылдар кезеңінде) 2020 жылғы 7 желтоқсанында орталық бастығы полиция полковнигі А.Ф. Саттарова «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» тақырыбында Г.А.  Сражова («Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» атқарушы директоры),              Д.Қ. Карабалина («Малика» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры), К.Т. Есимбаева (Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер бөлімшесінің меңгерушісі), М.С. Ахметжанова («Ана үйі» дағдарыс орталығының үйлестірушісі), Г.Е. Идигеева («Дәріс» ақпараттық-кеңестік орталығы ЖМ атқарушы директоры») қатысуымен дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы