Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Әйел көшбасшы» форумы

26.01.2024

2024 жылдың 26 ақпан күні Казакстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы Академиясында Қазақстаннын әскери арнаулы оқу орындарының әйел-көшбасшыларының қатысуымен «Әйел көшбасшы» форумы өтті.
Форумға Институтымыздың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы полиция полковнигі Саттарова Альфия Фаритовна және идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жукаева Жайнагүл Айсултановна қатысты.

Бұл іс-шара әйелдердін қоғам мен мемлекеттің құкықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, сондай-ақ, олардын кұкықтарын іске асырудағы рөліне байланысты аса маңызды мәселелерді талқылау үшін өткізілді.
Форумға ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшылығы, IIM оқу орындарының, Бас прокуратураның, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттык ұланының өкілдері қатысты.
Форум жұмысының қорытындысы әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығы жанынан әйелдер комитетін құру туралы, сондай-ақ, осы комитеттің Жарғысын талқылау болды.