10.12.2021
Бүгін 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне байланысты Жұбанов университетінде «Әділдік.Парасаттылық.Сенім 2.0» халықаралық форумы өтті.
Жиынға Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Нұрлан Шабдар, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова, сондай-ақ, танымал спортшы, Әлем кубогының иегері Ардақ Назаров және Қазақстанның 2020 жылғы үздік мұғалімі Мират Оспанов және Польша, Түркия, Италиядан арнайы келген қонақтар, университеттің профессор-оқытушылары мен студенттер және біздің институттың курсанттары қатысты.













