5.03.2020
2020 жылғы 5 наурызда жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен білім алушыларға патриоттық және идеологиялық тәрбие беру мақсатында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай және Кеңес Одағының батыры Малкеждар Бөкенбаевтың 96 жылдығын тойлау үшін салтанатты шара өткізілді.
Институт басшылығы, ІІО ардагерлері және кәсіби даярлық факультетінің білім алушылары және жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы батырдың рухына тағзым етіп, батырдың жерленген бейітіне гүл шоқтарын қойды.
Рәсімнің салтанатты бөлігінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының аумағында орналасқан Малкеждар Бөкенбаевтың ескерткішінің алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, Малкеждар Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
М. Бөкенбаевты еске алуға бір минут үнсіздік жарияланып, кәсіби даярлық курсының білім алушылары ескерткіш алдынан салтанатты шерумен өтті. Малкеждар Бөкенбаевтың соғыс жылдарындағы ерлігі мен жеткен жетістіктері туралы институттың акт залында институт бастығы полиция полковнигі А. Е. Қабдуев кәсіби даярлық курсы тыңдаушылары алдында сөз сөйледі. Одан кейін жалпы заң пәндері кафедрасының ұжымымен дайындалған Малкеждар Бөкенбаевтың естелігі туралы деректі фильм көрсетіліп, ІІО ардагерлері С.Р. Рзабеков, В. А. Сюняков және Т. У. Илайков өткізілген шараға өз тілектерін білдірді. Шара соңы жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы полиция подполковнигі А.К.Ибраеваның қорытынды сөзімен аяқталды.
Шараны өткізудегі басты мақсат – ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры Малкеждар Бөкенбаевтың рухына тағзым ету, ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне оның батырлығы мен батылдығын мақтаныш ету және оған лайықты болуға тәрбиелеу.

















