Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЙМЫЗ

7.04.2022

2022 жылғы 7 сәуірде институтта 1, 9 взвод тыңдаушыларына жазушы М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Әуезов әлемі» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.

Әуезов әлемін терең танып, жан-жақты талдау — әр дәуір, әр ұрпақтың киелі міндеті. Сондықтан да жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, қызықты да қиын тағдырға толы өмірін үлгі етіп, эстетикалық тұрғыда тәрбие қалыптастыру көзделді.

Шараны өткізу барысында тыңдаушыларға М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығынан мағлұмат беріліп, бейнежазбалар көрсетілді. Сонымен қатар «М.Әуезовтің туғанына 125 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби шолу жасалды.

Тағылымы мол М.Әуезовтей қазақ зиялыларының өнегесінен тәрбие алып, білім нәріне сусындаған жастарымыздың қатары көбейсе, ертеңгі күніміз нұрлы болып Қазақстанның дамуында ұлтымыздың мерейі өсе түсері хақ.