Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ұл- қызым, саған айтам!» тақырыбындағы зияткерлік ойын

28.02.2019

2019 жылғы  27 ақпанда  қылмыстық процесс және  криминалистика кафедрасы 2 А курсының  202 тобының қатысуымен мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, курсанттарға ұлттық тәрбие беру мақсатында «Ұл-қызым, саған айтам» тақырыбында  зияткерлік  ойын  түріндегі шара өткізді. 

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. 1-кезең  «Мақал – сөз мәйегі» деп аталды, бұл кезеңде курсанттар ерлік, батылдық, ел бірлігі жайлы мақалдар айтып, ұлылардың ұлағатты сөздеріне талдау жасады. 2 – «Салтын білу- ұлтын сүю» деп аталатын кезеңде салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Ал 3-кезең   «Егер мен … » деп аталып, бұл кезеңде курсанттар болашақ  мамандықтары туралы ой қозғады.

Іс-шара көзделген мақсатына жетіп, тартымды өтті. Зияткерлік ойынға  Шолпан Базарбай, Жандос Дәулетбайұлы, Абылайхан Іскендеров, Көркемай Аманбай, Аружан Ажибаева есімді курсанттар белсене қатысты.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасы бастығының орынбасары
полиция полковнигі
Б.С.Есмағанбетов