23.10.2017
2017 жылғы 18-22 қазан аралығында Қарағанды қаласында «Динамо» спорт және дене шынықтыру қоғамы Орталық кеңесінің VI жазғы спартакиадасы және қоян-қолтық ұрыс бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Жарысқа әскери және құқық қорғау қызметінің қызметкерлері қатыстырылды. Іс-шараның басты мақсаты-қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елдің тыныштығын күзеткен ІІО қызметкерлерінің күшін сынау, оларды бағалау, одан әрі шыңдай түсу. Аталмыш жарыста Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ӘжДШД кафедрасының оқытушысы Ғ.Ж.Ақшолақов кәсіби төрешілік етіп қайтты. Сонымен қатар, Ғ.Ж.Ақшолақов сауатты және білікті төрешілік еткені үшін Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Н.Қасымовтың арнайы дипломымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институты
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
Ғ.Ж.Ақшолақов