Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Үстел теннисі жарысы

13.10.2018

2018 жылдың 12 қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және «Ақтөбе облысының жастар саясат мәселелері басқармасы» ММ бірлесе отырып жоғары оқу орындары студенттері арасында «Ақтөбе студенттер лигасы» атты үстел теннисі жарысына институтымыздың құрама командасы қатысты.
Жарыстың мақсаты денсаулықты нығайту және спорттық деңгейін көтеру мақсатында, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ құрама командасы, 2-ші орынды М.Оспанов атындағы БҚММУ құрама командасы, 3-ші орынды С.Бәйішев атындағы АУ құрама командасы, 4-ші орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ құрама командасы, 5-ші орынды Т.Бегилдинов атындағы ӘҚКӘИ құрама командасы және 6-ші орынды Қазақ-орыс ХУ құрама командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздарымен жүлдегерлері «Ақтөбе студенттер лигасы» ойындары аяқталған соң грамоталармен және медалдармен марапатталады.

ӘжДШД кафедрасының аға оқытушысы
полиция аға лейтенанты
А.Қ. Қосмұратов