Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Үшжақты келісім

22.08.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе облысы Полиция департаменті және Ақтөбе қаласының “BILIM” мектеп-гимназиясы өзара күш біріктіруімен «NEO жаңа буын полициясы: болашақтың қорғаны» атты бірегей жоба іске қосылды. Бұл бастаманың басты мақсаты — оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, оларды заңға және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жоба аясында “BILIM” мектеп-гимназиясының оқушылары полиция жұмысының ерекшеліктерімен танысып, түрлі құқықтық тақырыптар бойынша дәрістер тыңдайды. Оқыту бағдарламасы интерактивті сабақтарды, іс-тәжірибелік жаттығуларды және қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Оқушылар заңды білудің маңыздылығын, азаматтық жауапкершілікті және қоғам үшін пайдалы болудың жолдарын үйренеді.
Үшжақты келісімге қол қою рәсімі салтанатты түрде өтті. Келісім аясында әрбір тарап өзінің міндеттерін айқындады. Ақтөбе заң институты сарапшылар мен оқытушыларды ұсынып, оқу бағдарламасының сапасына жауап береді. Полиция департаменті тәжірибелі қызметкерлер арқылы оқушыларға практикалық білім беруге көмектеседі. Ал “BILIM” мектеп-гимназиясы оқушыларды жобаға тартуға және ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруге жауапты болады.
Бұл жоба тек құқықтық білім берумен шектелмей, жастардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға да көмектеседі.