Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қызыл Жарты Ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының дәрігерге дейінгі көмек мамандарының қатысуымен өткен тәжірибелік сабақ туралы

4.02.2020

2020 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің полицейлердің жаңа оқу форматына көшуі туралы тұжырымдамасын іске асыра отырып, оқу процесіне практикалық бағыт беру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасымен ІІО қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына алғаш рет оқуға түскен арнайы бастапқы оқыту курстарының тыңдаушылары үшін “Арнайы тактикалық даярлық” пәні аясында оқытылатын дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша көрнекі тәжірибелік сабақ өтті.

Аталған сабақ Қызыл Жарты Ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері мен еріктілері: алғашқы көмек жөніндегі маман-инструктор Дияров Ералханның, волонтерлер: Амангельдина Жансая, Дияров Адылхан және Молдашева Ботагөздің қатысуымен өтті.

Сабақ барысында оқиға орнында зардап шеккендердің жағдайы барынша шындыққа жақын жасалды: жарақат түріндегі грим, , зардап шеккендердің үрейіне және шошуына еліктейуші волонтерлердің актерлік шеберлігі қолданылды, ЖӨЖ өткізу үшін макеттер мен тренажерлер қолданылды. Нұсқаушымен түрлі қан кетулер, сүйектің сынулары, шығулары, созылуы, күйіктер, асфиксиялар, үсу, улану, жылу және күн соққылары, электр тоғымен зақымдану кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері, зардап шеккендерді иммобилизациялау және тасымалдау ережелері, сондай-ақ реанимация жүргізудің әдіс тәсілдері (жасанды тыныс алу, жүрекке тікелей емес массаж) көрсетілді.

Сабақ барысында тыңдаушылар қызығушылық танытты, көптеген нақты сұрақтар қойды, сондай-ақ олар ассистент ретінде де зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің белгілі тәсілдерін көрсетуге белсене қатысты. Қонақтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай тәжірибелік бағыттағы жағдайлық сабақтарды өткізу туралы тілек білдірді.

ҚҚ,ҚПжК кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі                                                          

Е.А.Церковнова