Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Қылмыстық саясат және ақпараттық дәуірдегі қылмыспен күрес мәселелері” тақырыбында конференция

28.11.2021

Ынтымақтастық туралы меморандум аясында, сондай-ақ РФ Мәскеу халықаралық заң институтының шақыруымен білім беру ұйымдары арасындағы достық пен әріптестікті нығайту мақсатында, ағымдағы жылдың 26 қарашасында, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, 4-курс курсанттары А.С. Афанасьева мен Н.С. Ахмет on-line(Zoom) форматында “Қылмыстық саясат және ақпараттық дәуірдегі қылмыспен күрес мәселелері” тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияда курсант А.Афанасьева “Қазақстан Республикасында кибер қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері” тақырыбында және курсант Н.Ахмет “Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы кейбір мәселелері” тақырыбында баяндамаларымен сөз сөйледі.