Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Қылмыстық құқық” бойынша халықаралық олимпиада және «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойыны

4.12.2021

2021 жылдың 01 желтоқсанында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-нан Афанасьева Анна, Ковалев Александр, Добрыднев Никита және Касымханов Акылжан курсанттарынан құралған команда жыл сайынғы Ресей ІІМ Санкт-Петербург университетімен ұйымдастырылатын “Қылмыстық құқық” бойынша халықаралық олимпиадаға және «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойынға қатысты.
Олимпиада барысында курсанттар қылмыстық-құқықтық тақырып бойынша схема-бланктерді толтырып, қылмыстық құқық бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп әрі көрсеткен бейнероликтегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін саралап өздерінің ақыл-ойлары мен білімдерін екі бағытта көрсете білді.