23.09.2019
2019 жылғы 21 қыркүйекте ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе қаласының құқықтық экономика колледжінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қайырханұлы Исламов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары үшін дәріс өткізді.










