Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жалпы білім беру пәндері кафедрасы апталығының презентациясы

21.05.2019

2019 жылғы 20 мамырда Ақтөбе заң институтының 101-оқу аудиториясында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-ның  Жалпы білім беру пәндері кафедрасының апталығы салтанатты түрде ашылды.

 Апталықты өткізудің негізгі мақсаты — кафедра қызметінің негізгі бағыттарымен танысу, профессорлық-оқытушылық құрамының жетістіктерімен танысу, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, сонымен қатар тұрақты және ауыспалы құрамның шығармашылық әлеуетін ашу болып табылады.

ЖББП кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Саттарова Альфия Фаритовна презентациясын ұсына отырып,  апталықты алғы сөзімен ашты. Сонымен қатар, кафедра апталығының бағдарламасын ұсынды: “Полиглот” викторинасы, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған “Ақтөбе құтты мекен” атты салтанатты іс-шара, профессорлық-оқытушылық құрамы үшін “Педагогтың кәсіби қызметінде эмоционалды жану синдромының алдын алу” тренингі, сонымен қатар ашық сабақтар жарияланды.

ЖББП кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                  

А.Ф. Саттарова