Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚР ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫ БАЗАСЫНДА АУДАНДЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ПРОКУРОРЛАРҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР САБАҚТАРЫН МЕҢГЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

10.10.2017

2017 жылғы 25 қыркүйекте  өзара серіктестік жөніндегі қол қойылған меморандум аясында «Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында 2017 жылдың 02, 03, 04, 05, 06, 09 қазан айында Шалқар және Мұғалжар аудандар, Ақтөбе қалалық және Ақтөбе облысының процессуалдық прокурорларының қылмыстық процесс негіздерін игеруі бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтардың семинарын өткізу туралы» сабақ жоспары  бекітілген болатын.

Институттың ОӘК класында 2017 жылғы 02-09 қазан айы аралығында сағат 16:00-18:00 аралығында дәрістік сабақтар өткізілді. 2017 жылғы 02 қазандағы «Общие условия производства расследования: подследственность, формы и сроки расследования, криминалистические версии и планирование расследования» тақырыбындағы дәрісті қылмыстық құқық және криминология  кафедрасының доценті, полиция полковнигі И.Н.Аяпбергенов жүргізді, 03 қазандағы «Основные положения тактики осмотра места происшествия» тақырыбындағы дәрісті қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының бастығы  полиция полковнигі А.Г. Игольников жүргізді;  04 қазандағы «Тактика обыска и выемки» тақырыбындағы дәрісті кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б. Ғизатов жүргізді, 05 қазандағы   «Тактика проведения допроса» тақырыбындағы дәрісті қылмыстық құқық және криминология  кафедрасының доценті, полиция полковнигі И.Н.Аяпбергенов жүргізді, 05 қазандағы   «Тактика проведения допроса» тақырыбындағы дәрісті қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының бастығы  полиция полковнигі А.Г. Игольников жүргізді, 06 қазандағы «Правила назначения и производства судебных экспертиз» тақырыбындағы дәрісті Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Д.Н. Құдайбергенов жүргізді, 09 қазандағы «Порядок и основания прерывания сроков расследования и прекращения уголовных дел» тақырыбындағы дәрісті қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Н.А.Чупринюк жүргізді.

03 мен 04 қазанда сағат 17:00-18:00 аралығында   «Основы производства негласных следственных действий» тақырыбындағы дәрісті, ғылыми-зерттеу және редакциялық баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция майоры, (PhD) докторы  Р.А. Медиев жүргізді;

Семинарды қорытындылай келе, институт бастығының ғылым жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова қатысушыларға «Работа с программным комплексом виртуального ситуационного моделирования для подготовки специалистов сферы общественной безопасности «Виртуальный осмотр места происшествия» білім алу бағдарламасы бойынша сертификаттар табыс етті.

Р.А.Медиев

ҒЗжРБЖҰБ бастығы,

(PhD) докторы

полиция майоры