11.07.2019
2019 жылғы 10 шілдеде Ақтөбе қаласының жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер, азаматтық құқық қорғау органдарының және Ұлттық ұлан менәскериқызметкерлерін еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті. Жарысқа Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары мен тыңдаушылары, Ұлттық ұланның және 6655 әскери бөлімшесінің қызметкерлерінен құрылған 25 команда қатысты.
ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының атынан сайысқа9 спортшы түсті. Оларды әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары, полиция аға лейтенанты Айбек Космуратов пен Галымжан Акшолаков жаттықтырды.
Жекпе-жек нәтижесі бойынша, 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде арнайы бастапқы оқыту курсының 1-звод тыңдаушысы Аскар Айтуган 3-орынды жеңіп алса, 90 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша тағы бір 3-орынды арнайы бастапқы оқыту курсының 4-звод тыңдаушысы Оңгар Нұрсұлтан еншіленді.