Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қорғаны мықты ел тыныш

20.06.2025

Қазақстан полициясы күніне орай институт кітапханасының қызметкерлері жасақтаған «Қорғаны мықты ел тыныш» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.
Шара жас ұрпақты адамгершілікке, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және адал қорғауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Курсанттар көрмеге қойылған Ақтөбе заң институтына атағы берілген М.Бөкенбаевтың өмірі мен ерлігі жайында «Алыстағы соғыстың жаңғырығы» және «Киелі түбек сақшылары», «Астана полициясы», «Ішкі істер органдарыңың жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру» т.б. кітаптардың қысқаша мазмұнымен таныстырылып, ел қорғаушы мамандықтың қыр-сырына үңіліп, қылмыспен күресте жемісті қызмет жасай білген сақшыларының еңбектеріне құрмет сезімі артты.