Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қонақ дәрістері

22.12.2021

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақ-Орыс Халықаралық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру мақсатында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы арасындағы академиялық ұтқырлық шеңберінде 21 желтоқсанда көлік объектілеріндегі Қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының доценті полиция полковнигі С.Сарбаев, жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Маханова, қылмыстық құқық және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция подполковнигі Б.М. Мұхамедьярова, полиция майоры М.Г. Каримсаков Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің 2 курс студенттеріне қонақ дәрістерін өткізді.
Дәрістер белсенді және нәтижелі түрде өтті, қатысушылар пікір алмасты, ІІО тәжірибелік қызметкерлерінің қызметіндегі ең өзекті және проблемалық мәселелерді талқылады.