Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

15.06.2023

Ағымдағы жылдың 15 маусымында институттың біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға институттың біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсының тыңдаушылары, ҚР ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, Ресей ІІМ-нің Барнауыл заң институты және Ресей ІІМ-нің Орал заң институтының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында өзекті мәселелерді шешуге бағытталған баяндамалар тыңдалып, практикалық ұсыныстар жинақталды.