Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазіргі жастардың құқықтық мәдениеті: өзекті жай-күйі және оны арттыру жолдары» тақырыбындағы өткізілген дөңгелек үстел

28.05.2021

2021 жылғы 28 мамыр күні онлайн форматта 2020-2021 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «Қазіргі жастардың құқықтық мәдениеті: өзекті жай-күйі және оны арттыру жолдары» тақырыбында жоғарғы оқу орнының білім алушылары арасында дөңгелек үстел болып өтті.  Дөңгелек үстелге Қ.Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті экономика және құқық факультетінің 1-ші, 3-ші курс студенттері және құқықтану кафедрасының оқытушылары,  Қазақ-Орыс Халықаралық университеті құқықтану факультетінің 1-ші курс студенттері және институттың 3-ші курс курсанттары қатысты.  

Іс-шараны ұйымдастырудағы түпкі мақсат – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар өздерінің біліміне және болашағына деген жауапкершілікті ынталандыруға насихаттау.

Қазіргі біздің қоғамымыздың басты талабы – мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу.  Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі өте күрделі мәселелерді шешуде жаңаша ойланыстарды талап етуде. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру-үйлесімді тәрбиелі білім беретін жоғарғы оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда қолдану басты іс болып табылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жемісті пікір алмасу орын алды, студенттер мен курсанттар өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап, өздеріне қажетті ұсыныстар алды.

Жалпы заң пәндері кафедрасы