2.11.2021
Ағымдағы жылғы 27-29 қазан аралығында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Е.А. Церковнова онлайн форматта (Zoom) платформасында БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының «Қазіргі заманғы полиция қызметі: XXI ғасырға арналған тиімді, алуан түрлі және қоғамдастыққа бағдарланған полиция қызметін құру» тақырыбындағы тренингіне қатысты.
Тренинг аясында қоғамдастықтармен жұмыс істеуге бағытталған полицияның аналитикалық мүмкіндіктерін нығайту және олардың мәселелері; қылмысты азайту/алдын алу үшін қоғамдастықтармен жұмыс істеуге бағытталған полиция қызметіндегі тәжірибе және уақыт өте келе осы процесті бақылау; полициядағы тиімді, инклюзивті және әр түрлі кадрлық құрамды дамыту, сондай-ақ ішкі істер органдарын модернизациялаудың озық тәжірибесімен алмасу бойынша бірқатар басқа мәселелер қаралды.














