Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР

4.05.2023

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ғылыми-зерттеу қызметі жоспары аясында 2023 жылғы 4 мамырда жалпы заң пәндері кафедрасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Құқықтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты, Ақтөбе қаласының судьясы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құқықтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, Қазақ-Орыс Халықаралық университеті Құқық кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Балмағамбетова Венера Мақсатқызы қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторлары: жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы з.ғ.к., полиция полковнигі Ибраева Айгүл Касымбековна және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құқықтану кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., Нұрлан Ақылбек Құлшыниязұлы болды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақ-Орыс Халықаралық университеті Құқық кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Балмағамбетова Венера Мақсатқызы ел конституциясына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі айтып берді және саяси реформалардың басты бағыттарын, атап айтқанда, суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, парламенттің рөлі мен мәртебесін арттыру, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту сияқты бағыттарын атап өтті.

Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі саяси процестерді демократияландыру жөніндегі реформалары, Мемлекет басшысының Жолдауы тұрғысынан құқық қорғау жүйесін реформалаудың конституциялық-құқықтық негізі, ондағы басымды бағыттар, құқық қорғау органдарының халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру тетігі ретінде әріптестік қағидаты, қазіргі құқық қорғау жүйесінің идеологиясы және қоғаммен серіктестік туралы ой-пікірлерін ортаға салды. 

Президенттің елімізді бірлік пен келісімге шақыра отырып, жасампаздыққа жетелеген Жолдаулары, қазіргі қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясындағы ұсынған конституциялық реформалары мемлекетімізді баянды белестерге бастайтыны анық. Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы әңгіменің басты мақсаты да осы болды.