6.11.2017
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2017 жылғы 3 қарашада «Қазақстанның гендерлік саясаты- гендерлік теңдік» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара 2017-2019 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді жоспары мен институт Әйелдер кеңесінің 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына сәйкес өткізілді.
Талқылаудың негізгі тақырыбы гендерлік теңдік пен отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық болды.
Отырысты институт бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Сүлейманова Ғалия Жанабекқызы ашты. Оқылған баяндамаларда Қазақстанның гендерлік саясаты қазіргі кезде кең әрі кешенді түрде қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласында таралып жатқандығы баса айтылды. Сонымен қатар, қай қызметте болсын ерлер мен әйелдердің құқықтар мен міндеттері бірдей екендігін, оларға жұмыс жасауға бірдей жағдай жасалғандығын көрсетті. Қазіргі таңда гендерлік теңдік мәселесі көп қозғалып жүрген әрі өзекті мәселелердің бірі екендігін айқындады. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді перспективада аталған сектор мемлекет пен қоғам тарапынан акцияны жүзеге асыру мақсатында айқын және үйлестірілген жұмыс үшін көрсетілген.
Дөңгелек үстелдің жұмысына қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников, ӘҚжәнеІІО ӘҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Р.С.Ізбас, Ақтөбе облыстық әкімдігі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық істері бойынша комиссия хатшысы А.Р.Хон, Ақтөбе облыстық ІІД ЖПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы М.К.Асқарова, Ақтөбе қаласы әйелдерді қолдау орталығының заңгері Л.Ж.Забих, тұлға аралық қарым-қатынас бойынша «Коуч» орталығының тренері Е.Е.Бокушев, 2 курс тыңдаушылары Е.Е.Жабайханов, Ж.Д.Мухамедрахимов және біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.
Соның ішінде қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников, Ақтөбе облыстық әкімдігі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық істері бойынша комиссия хатшысы А.Р.Хон, Отбасы құндылықтары орталығының директоры А.У.Турниязова, тұлға аралық қарым-қатынас бойынша «Коуч» орталығының тренері Е.Е.Бокушевтің баяндамалары аса қызығушылықпен тыңдалды.
Гендерлік саясаттың теңдігі туралы Ақтөбе облыстық ІІД ЖПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы полиция майоры М.К.Амангелдиева Ақтөбе облысы бойынша статистикалық мәліметтер келтіру арқылы соңғы тоғыз айдағы мәліметтерді көрсетті. Осыған байланысты Ақтөбе қаласында әйелдердің дағдарыс орталықтарының жұмыс жасайтындығын айтты.
Ақтөбе қаласы әйелдерді қолдау орталығының заңгері Л.Ж.Забих мемлекеттік қызметтегі әйелдер мен ерлердің теңдігін қозғады.
Отырысты қорытындылай келе, институт бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Сүлейманова Ғалия Жанабекқызы осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап көрсетіп, әрбір баяндамашыға дөңгелек үстелге қатысқаны үшін салтанатты түрде сертификаттарды табыстады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өз лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта осындай кездесулерді тұрақты өткізуге қолдау көрсетіп тұратындықтарын жеткізді.
ӘқЖІІО ӘҚ
кафедрасының доценті
полиция подполковнигі
Л.С.Маланьина
Институт
Әйелдер кеңесінің төрағасы
полиция подполковнигі
С.Г.Назарбаева