27.04.2017
Қазақстан – 150 ден астам ұлттар мен ұлыстар мекен ететін көп ұлтты ел. Ұлттар мен ұлыстарды топтастыру үшін мемлекет үкіметімен әр түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр, сондай іс-шаралардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау.
1 мамыр – мерекенің ресми күні. Бүгін – Қазақстанда тұратын барлық халықтың бірлігі мерекесі. Бұл көктемнің жарқын мерекесі еліміздің барлық қаласында тойланады, қаланың орталық көшелерімен шеру болып, көптеген ойын-сауық іс-шаралар өткізіледі.
2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, түрлі диаспоралардың қатысуымен, институт қызметкерлерімен, ІІО ардагерлерімен және «Облыстық Алға балалар үйінің» тәрбиеленушілерімен Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға 200-ден астам қонақтар қатысты.
Салтанатты іс-шараны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев құттықтау сөзімен ашты.
Әрі қарай қонақтар үшін концерттік нөмірлер орындалды, 1 курс курсанты Сайран Сисенбай «Айқаракөз» әнін, татар ұлттық диаспорасынан Елена Сафина «Қорқыт – Қобыз» әні мен «Татар» әнін, неміс диаспорасының өкілдері «Это Казахстан» әнін, тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Бекжан Елеусизов пен Елена Сафина «Қыдырып қайтайық» әнін орындаса, 1 курс курсанттары «Қара жорға» биін, кәріс диаспорасының атынан «A2F» тобы «Fire» биін, 1 курс курсанты Зарина Шайхиева «Язгы монлар» татар биін билеп, көтеріңкі көңіл-күй силады. Концерттік бағдарламаны мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің инспекторы Ақжүніс Жәленова «Халқым-ай» әнімен аяқтады. Аталған іс-шара фото, видеотүсірілімге түсіріліп, «Рика-Тв» телеарнасы жаңалықтар топтамасынан көрсетті.
Концертті ұйымдастырушылар «Облыстық Алға балалар үйінің» тәрбиеленушілерімен және шақырылған қонақтармен естелік фотоға түсті.
Басқа ұлттың салттарын білу үшін, әртүрлі мәдени орталықтардың өкілдерінің мерекелік концертке қатысуы кешті одан әрі сәндей түсті.
Бұл мереке қазақ елін басқа ұлт мәдениетімен тек танысытырып қана қоймай, арадағы достық қатынасты нығайту болып табылады.
ТЖБ инспекторы полиция капианы
З.А.Мухангалиева