Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЫҢ 2022 – 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ТҮСІНДІРУ

3.03.2023

03.03.2023 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті полиция подполковнигі Нұрыш Зина Зинелқызы және аға оқытушы полиция подполковнигі Минайдаров Сагынтай Мухитовичпен Көліктегі ПД-не қарасты Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімінің жеке құрамына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын және 2023-2024 жылдарға арналған сотқа дейінгі тергеу мен анықтаудың және қылмыстық-атқару жүйесінде азаптауға және өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шаралар Жоспарының негізгі бағыттарын түсіндіру үшін кездесу өткізілді.

Бұл кездесудің мақсаты-ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген шаралар сыбайлас жемқорлықтың, әсіресе, “тұрмыстық” сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын кешенді түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тартуға бағытталатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізу.