19.02.2020
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Anticor ortalygy-мен» бірлесіп Көліктілегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарларына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Нұрмыханұлы Досановпен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Ғ.Н.Досанов мырза сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарын және жаңа заңнамалық жаңалықтарды атап өтті. «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен арнайы мониторинг топтары аясында жұртшылықпен өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ, Көліктегі полиция департаментінің басшылық құрамының өкілдері «Antikor ortalygy» жаңа сервис орталығының қызметімен танысты.
БАжКҚДФ оқытушы-әдіскер
полиция капитаны
Д.К.Каратикенова











