21.12.2021
2021 жылы 10 желтоқсанда Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығы онлайн режимде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі С.М. Минайдаров қатысты.
Конференция жұмысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Ибраимов, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысыТ.Ш. Бисембиев, заңтану магистрі Л.А. Климова баяндама жасады.
Іс-шараның мақсаты сараптама мекемелерінде кездесетін мәселелердің шешімдері, сот сараптамаларын жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында сараптамалық қызметті дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.








