29.05.2019
Бүгін 28.05.2019 ж. Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы М.Қ. Дүйсен, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының мұғалімдерімен бірге Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы заң институтының курсаттарына «Тергеу судьясы және оның өкілеттілігі» тақырыбында көшпелі лекция өткізді.
Іс шараның басты мақсаты болашақ сотқа дейінгі тергеп – тексеру органдарының қызметкерлерін тергеу судьясының жұмысымен таныстырып, тәжірибеде жиі кездесетін өзекті сұрақтарды талқылап, олардың шешу жолдарын түсіндіру болды.
Кездесу барысында сот төрағасы М.Қ. Дүйсен тындаушылардың назарын тергеп тексерудің бастапқы сатысынан бастап, заңдылықтың қатаң сақталу қажеттілігіне аударды.
Аталмыш іс-шара қатысушылардың арасында жанданған пікірталас тудырды. Тындаушылар ұйымдастырылған дәріс үшін алғыстарын білдіріп, ұлы еліміз – Қазақстан Республикасыныңигілігі үшін атқарылатын жұмыста жетістіктер тіледі.















