Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің тұжырымдамалық ерекшеліктері: әкімшілік юрисдикция және сот төрелігі, азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылы

17.06.2021

2021 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің тұжырымдамалық ерекшеліктері: әкімшілік юрисдикция және сот төрелігі, азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылы»  тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 

Модератор ретінде институт бастығының м.а. А. Байсултанов және академия филиалының директоры С. Садуақасова сөз сөйледі.

Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа кодексін түсіндіру, сондай-ақ, әкімшілік юрисдикцияның практикалық қызметінде, сот төрелігінде, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау.

Конференцияға Германия, Ресей, Қырғызстан ғалымдары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарыңың судьялары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, ІІМ өкілдері, сондай-ақ Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ведомстволық оқу орындарының басшылары мен ғалымдары қатысты.