Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы: өткенге қарап болашаққа сенімді қадам басу» атты тақырыбына дөңгелек үстел

29.11.2021

2021 жылдың 25 қарашасында Институт қабырғасында жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Заңгер» үйірмесінің шеңберінде 4 курс курсантарының қатысуымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы: өткенге қарап болашаққа сенімді қадам басу» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, курсанттарға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету курсантардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Тақырыпты талқылауға кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамымен және үйірме мүшелері Ахмет Н., Дайрабай Е.,Маметай Б. белсенді қатысты. Осылайша, іс – шара шеңберінде Қазақстанның мемлекеттілігі тарихының, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясының, жаһандану және өңірлік интеграция проблемаларының өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың егемен мемлекетті қалыптастырудағы шешуші рөлі туралы пікірлер қызу талқыланды.