Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

27.12.2018

2018 жылғы 26 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында заңға мойынсұнатын азаматты қалыптастыруға бағытталған құқықтық сауаттылықты, бірыңғай құқықтық ағарту жүйесін қалыптастыру мақсатында 2 «А» курс бастығының орынбасары полиция капитаны С.П. Оразғалиев пен полиция кіші сержанттары Ж.Өмірзақовтың, А.Толыбаеваның,  И.Баситованың қатысуымен Ф.Оңғарсынова атындағы №41 КММ мектеп гимназиясы мен №5 ЖББО КММ мектебіне барып, 11-сынып оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстары өткізілді. Бұл кездесуде біздің курсанттар бітіруші түлектерге құқық қорғау қызметкерлерінің жұмыстарының маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына Елбасымыздың Қазақстан халқына жіберген соңғы Жолдауына сәйкес келер жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандығын жеткізді.

2 «А» курсы бастығының орынбасары
полиция капитаны                                                                 
С.П.Оразғалиев